Филол.ғыл.канд., Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, доцент,«Туранинфом.KZ» ақпараттық
сайтының шеф-редакторы Бауыржан Иманғалиевтің қысқаша өмірбаяны
Б.Иманғалиев Қызылорда облысында ұстаздар отбасында дүниеге келді.Орта мектепті жақсы
бітіргеннен соң әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-нің филология факультетінде қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алды.Университетті үздік бітіріп, сол оқу орнының
аспирантурасын бітірген.Ғылыми жетекшісі-ҚР ҰҒА-ның академигі З.Қабдолов. Ол «Т.Жүргеновтің
әдеби-публицистикалық мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, кейін
ҚазҰУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушы болды. Ұстаздық қызметте жүріп Филология,
Журналистика факультеттерінің студенттеріне дәріс оқыды.2008-2012 жылдары Алматы
әкімдігінде бөлім бастығы, Аграрлық университетте проректор,2012-2017 жылдары Астанадағы
С.Сейфуллин ат.ҚазАТУ-даБаспасөз орталығының жетекшісі боп абыройлы
еңбек етті.Көптеген журналистермен етене тығыз жұмыс істеп, масс-медиа саласында біраз
еңбектер жазды.Оқу орнының имиджін көтеруде,мемлекеттік саясатты түсіндіруде ақпараттық-
насихаттық жұмыс тобының құрамында болды.2017 жылы ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаментінде
абыройлы қызмет етті.2018 жылдан 2023 ж аралығында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де доцент қызметін
атқарды. Бүгінде ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Журналистика факультетінде доцент болып
қызмет етіп, студенттерге дәріс оқиды.Б.Иманғалиев - педагог-журналист, жүргеновтанушы,
қоғам белсендісі, филология ғылымдарының кандидаты. Т.Жүргеновтің әдеби мұрасын алғаш
ғылыми айналымға түсіріп, мұрағат көзінен зерттеп 1 монография, 3 жинақ жазған, 100-ден аса
ғылыми мақалалар мен басылымдардың авторы, мәдениеттанушы. БАҚ беттерінде түрлі
тақырыптардағы мақалалары жарияланып тұрады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап
«Жүргеновтану» оқу бағдарламасын элективті пән ретінде енгізген
автор.Еңбектері:«Т.Жүргенов» Таңдамалы. Избраное.2003 ж.Алматы, «Арыс» басп.
«Т.Жүргенов» монография. 2012 ж.Алматы, «Атамұра» басп.
«Т.Жүргенов» шығармалар жинағы, 2013 ж. Алматы
«Қос шынарым». 2015. Алматы.
100-ден аса мақала жазған.Марапаттары: Әйтеке би», «Бұқарбай
батыр»,«Темірбек Жүргенов» медальдарымен марапатталған.«Үздік Ұстаз 2018» республикалық
байқауының жеңімпазы;«Мерейлі отбасы-2018» республикалық конкурсының Алматы қаласы бойынша
Гран-при иегері;ҚР Мәдениет қайраткері,Халықаралық ақпараттандыру Академиясының
Академигі,Жалағаш ауданының Құрметті азаматы